Жыл соңына дейін Қазақстанда 217 жаңа форматтағы мектеп бар болмақ
Фото: Pexels
2025 жылдың соңына дейін «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында барлығы 460 мың орындың 217 мектеп салынуда, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Келешек мектептері жобасы әр балаға қолжетімді мүмкіндіктер ұсынады. Атап айтқанда, мектептер робототехника кабинеттері, STEM зертхана, хореография залы мен коворкинг аймақтарымен, 3-4 спорт залмен жабдықталады.
Сонымен қатар, алғашқы әскери дайындық алаңы, эргономикалық кеңістік, заманауи бейнебақылау жүйесі мен оқушыларға арналған демалыс орындары қарастырылады.