Су тасқыны қаупі: Заречное ауылында 65 500 текше метр су сорылды

ҚР фото на taspanews.kz от 28 апреля 2025 13:23
Фото: ҚР ТЖМ

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты су тасқынына қарсы шаралар жүргізілуде, – деп хабарлайды KazTaspa ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Қызылжар ауданының Тепличное, Вагулино, Прибрежное, Ольшанка, Соколовка және Большая Малышка ауылдарында және Петропавл қаласының Заречное ауылында су басу қаупін болдырмау мақсатында қорғаныс бөгеттері нығайтылуда.


Заречное ауылында су айдалуда. Сорылған су көлемі 65 500 шаршы метрді құрады. Табиғи апатқа қарсы күреске 2010 адам жұмылдырылды.


Тәулігіне 81 300 қапшық дайындалып, төселді. Барлық төселген қапшықтар саны – 351 675.


Облыстағы жағдай ТЖМ бақылауында. Эвакуациялық пункттер құрылды.


Следите за новостями Taspanews