Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті ЖШС-дан 50 бас бұзау ұрланған
Фото: Polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысы, Темирязев ауданының полициясы ірі мал ұрлығын әшкереледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Жергілікті ЖШС директоры шаруашылығынан 50 бас мал ұрланғанын хабарлады. Шаруашылығында бейнебақылау камерасы жоқ, күзеті жоқ болған.
Белгілі болғандай ұрлық жасағандар осы кәсіпорынның қызметкерлері болып шықты. Бұзаулар бірнеше рет ұрланды. Осыдан соң, СҚО тұрғындарына сатылғаны белгілі болды.
Жас малды қажетті құжаттарсыз сатып алған адамдардан 25 бұзау қайтарылды.Қазақстанда мұндай қылмыс түрі бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.