Қазақстанда жыл сайын 2 миллионнан астам бала скринингтен өтеді

Pexels фото на taspanews.kz от 26 мая 2025 09:37
Фото: Pexels

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балаларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету көрсеткіштерін атап өтті, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстанда жылына 360 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Оларды 4 мыңнан астам педиатр, 1 мыңнан астам неонатолог пен жергілікті практика дәрігерлері бақылауда ұстайды. Әр бала туылған сәттен бастап медициналық бақылауда болады.


Негізгі көрсеткіштер:


7 миллионнан астам бала тегін медициналық көмек алады;


жыл сайын 2 миллионнан астам бала скринингтен өтеді;


4,5 мыңнан астам бала алдын ала қарап-тексерумен қамтылады;


1,5 миллионнан астам бала иммундаудан өтеді.


Қазіргі таңда әр мектеп белгілі бір емханаға бекітілген. Мектептегі тамақтанудың ғылыми ұстанымдар, бала организмі қажеттіліктерін ескеретін жаңа стандарттары енгізілуде.


«Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасы бойынша барлық мектептерде міндетті стоматологиялық қарап-тексеру енгізілді. Ағымдағы жылдан бастап емханаларда ерте араласу орталықтары ашылады.


Следите за новостями Taspanews