Қазақстанда тоғыз жылы-электр орталығы қызыл тәуекел аймағынан шығарылды
Қазақстандағы тоғыз жылу-электр орталығы «қызыл» тәуекел аймағынан шығарылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұрынырақ Екібастұз бен Риддерде апатты жағдайдағы ЖЭО-лар салдарынан тұрғындар -30 градустық аязда жылусыз қалған еді. Ендігі кезекте бұл мәселе шешімін табуда
«Бірден тоғыз ЖЭО қауіптің «қызыл» аймағынан шығарылды, тағы үшеуі «жасыл» аймақта, яғни тұрақты жұмыс істеп тұр»,
Бұл нәтижеге қалай қол жеткізілді: тексерулер, айыппұлдар және жаңа ережелер
Энергетика министрлігінің мәліметіне сай, өткен жылыту маусымында жылу энергетика нысандарында 472 тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде – 170 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар:
Өндірістік энергетикалық бақылау енгізілді – ЖЭО жұмысына жіті қадағалау орнатылды.
Кәсіпорын басшылары біліктілік емтиханын тапсыруы тиіс – энергетика саласында енді әуесқойларға жол жоқ.
Заңнамаға қатаң нормалар енгізілді: жөндеу мерзімдерін өткізіп алу, отын тапшылығы немесе апаттар үшін жауапкершілік күшейтілді.
Нәтиже: ақау азайды, жылыту деңгейі артты
Бұл шаралардың алғашқы нәтижелері де байқалуда:
Батарея температурасының норма деңгейінен төмендеген жағдайлар саны 215-тен 65-ке дейін азайды.
Электр станцияларындағы апаттар саны қысқарды.
Ажыратулар азайып, жылу тұрақты беріледі.