Қазақстанда келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды

Фото: Freepik
Қазақстанда 2025-2026 жылдың жылыту маусымына дайындық жұмысы басталып кетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Үкіметтің ресми баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
Дайындық жұмыстарының аясында 10 энергетикалық блок, 63 қазандық және 39 турбинаның жөндеу жұмыстары жоспарланды. Бір бөлігі жұмысқа алынды. Орталықтандырылған жылумен қамту аймағындағы 66 жылу орталығында 53 қазандықты жөндеу жоспарға алынды,
Күн біршама жылынған соң, 17 мың шақырым электр желісі мен 323 шақырым жылу құбырлары жаңартылады.
«Ұлттық энергетиканы жаңғырту ұлттық жобасы аясында жалпы бюджеті 4 трлн теңге болатын 77,5 мың шақырым электр желілері мен 1,6 мың шақырым жылу желілері жаңартылады. 2029 жылға дейін бұл электр желілерінің тозуын 45%-ға, жылу желілерінің тозуын 42%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Генерация саласында 7,3 ГВт жаңа қуат енгізу, оның ішінде қолданыстағы стансаларды жаңарту және жаңа стансалар салу жоспарлануда. 2029 жылға дейін 29 жобаны аяқтау жоспарланған, бұл электр стансаларының орташа тозуын 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту да басым бағыт болып қала береді. 2025 жылдың соңына дейін тағы 9 ЖЭК жобасы (455,5 МВт) іске қосылады»,