Қазақстанда кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу қорын құру ұсынылды

Фото: Freepik

Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 2025 жылы 21 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары алимент төлеуден жалтарған ата-аналардың балалары үшін арнайы мемлекеттік қор құруды ұсынды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.


Осы орайда борышкерлердің табысын қадағалау бойынша қатаңдық шараларының қажеттілігі сөз болды. Электронды әмиян бойынша олардың бухмекерлік компаниялардан, бағалы қағаздармен биржалық саудадан және криптовалюта, цифрлық активтертерден тапқан ақшасы, блогерлік, жеке меншік такси агрегаторларындағы қызметі бойынша алған қаражаты бақылатын болады.


"Сондай-ақ Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне келуден жалтаратын борышкерлерді сот орындаушысының қатысуымен мәжбүрлеп әкелуді жүктей отырып, осы функцияның тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізілді. Жалпы Әділет министрлігіне өндіріп алушылардың да, борышкерлердің де құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту мақсатымен атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру бойынша заңнамаға түзетулер әзірлеу ұсынылды", — делінген ресми хабарламада.