Қазақстанда алғаш рет мейіргерлік ғылым бойынша PHd дәрежесі берілді

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстанда "Мейіргерлік ғылым" білім беру бағдарламасы бойынша алғаш рет философия докторы – PhD дәрежесі берілді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Астана Медицина университетінің докторанты Александра Машарипова осылайша өз таңдаған бағыты бойынша PhD атанды. Ол "Қазақстан Республикасында паллиативтік мейіргер көмегін жетілдіру" тақырыбында диссертация қорғады.
"Мейіргелік ғылым" білім беру бағдарламасы Қазақстанда 2020 жылы енгізілді. Бұл Erasmus+ AccelEd халықаралық жобасының ("Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде мейіргерлік іс магистратура мен PhD докторантура деңгейінде жетілдіру") шеңберінде мүмкін болды",