Ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген медицина қызметкерлеріне біржолғы ынталандыру төлемі жасалуда

Фото: Pexels

2025 жылы 29 сәуірдегі Үкімет отырысында Қазақстанда аса тапшы мамандықтар бойынша ауылдық жерлерге қызметке келген дәрігерлерге біржолғы ақшалай төлем жасалатын норма енгізіліп жатқандығы мәлімденді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Үкіметтің баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.


Медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге төлем жасалуда.


Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында әлеуметтік шаралар көрсетіледі. Мұны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.


«Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында әлеуметтік кепілдіктер мен ынталандырушы төлемдер пакеті кеңейтілді», – делінген ресми хабарламада.