Ауылдық жерлерде 182 денсаулық сақтау нысаны қолданысқа беріледі

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Ауылдық жерлерді сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету аясындағы ұлттық жоба аясында 473 нысан пайдалануға берілді, ал қалған 182 нысан құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ұлттық жоба аясында дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынуда. Одан бөлек, 32 аудандық аурухана ауданаралық аурухана деңгейіне дейін жаңғыртылуда.
«Жобаның шеңберінде ауылдық медициналық мекемелер заманауи диагностикалық және зертханалық жабдықтармен, телемедицина аппараттарымен қамтамасыз етіледі. Бұл ауыл тұрғындарына өз елді мекендерінен шықпай-ақ, білікті дәрігерлік көмек алуға мүмкіндік береді»,