Астанада 6 қабатты жатақхана өртенді

Фото: ҚР ТЖМ
2025 жылы 9 сәуір күні таңертең Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бұланты көшесінде 6 қабатты жатақхана өртке оранды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Жатақхананың 6 шы қабаты – заттар сақтайтын жер өртене бастады. ТЖМ құтқарушылары келіп жеткенде қабат толықтай өртке оранды. Газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жұмыстарын бастады.
Сү үздіксіз жеткізілді. Құтқарушылар 50 адамды сыртқа шығарды, оның жетеуі балалар болды. Қалған 490 адам ғимараттан өздігімен шықты.
Өрт 1600 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт зерттеу сынақ зертханасы мен ТЖД анықтау бөлімі қызметкерлері оқиға орнын зерттеуде.