Алматыда пәтер тонаушылар ұсталды
Фото: Pexels
                    
                                    Алматы қаласы, Алатау ауданында кемінде 4 пәтер тоналған, – деп хабарлайды Taspanews.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тоналған пәтерлер «Мәдениет» пен «Қарасу» шағын аудандарында орналасқан.
«Күдіктілер жеке үйлердің бірін тонағаннан кейін ұсталды. Күдіктілер сол жерден ұрлап кеткен алтындарын ломбардқа өткізген. Олардың қозғалыс бағыты бейнекамералар арқылы белгілі болды”,
Қылмыскерлердің осындай 4 қылмыс түріне қатысы болған.