Алматыда ауа райы тұрақталуда: алдағы күндер жауын-шашынсыз өтеді

Фото: Depositphotos MaxZolotukhin
Алматының жаңбырлы күндері артта қалды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz «ҚазГидромет» РМК сілтеме жасап.
6 және 7 мамыр күндері қалада температураның көтерілуі байқалады.
Алматыда 6 мамыр күні көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +27 +29 градус, түнде +14 +16 градус шамасында болады.
7 мамыр күні де жауын-шашынсыз өтеді. Күндіз температура +29 +31 градус, түнде +13 +15 градус шамасында.
Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.