Алматы облысында жетім балаларға үй берілді

Фото: Pexels
Алматы облысында ата-ана қамқорлығынсыз қалған 45 жетім бала үйлі болды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлердің берілу тәртібіне енгізілген қадағалау актісі негізінде 5 отбасының кезегі қалпына келтірілді.
Оларға тұрғын үйлер берілді. Жергілікті демеушілер қолдау көрсетіп, үйлерді тұрмыстық заттармен жабдықтау үшін ерік білдірді.