Ерке Есмахан үшінші рет ана атанды

Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Ерке Есмахан үшінші сәбиін өмірге әкелді. Бұл туралы Taspanews.kz әншінің жұбайы Raim-ның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлады.
Рэпер сәбидің ұл бала екенін айтты.
«Қош келдің, ұлым, Райымбек Батыр», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпты құттықтап, нәрестеге ұзақ ғұмыр тіледі.
«Бауы берік болсын», «Құтты болсын», «Кішкентай батыр, біз сені асыға күттік», «Айттым ғой, ұл деп, құтты болсын», «Үлкен азамат болсын», – деп жазды желі қолданушылары.
Пост из социальной сети