«Алланың бұйырғаны болады»: Ерке Есмахан алдағы жоспарын бөлісті

Ерке Есмахан  фото на taspanews.kz от 15 апреля 2025 14:03
Фото: Жеке парақшадан

Осыған дейін Ерке Есмахан 2025 жылдың жазында үлкен тойымыз болады деп мәлімдеген еді. Енді әнші жүктілігіне байланысты тойды кейінге қалдырылғанын айтты. Бұл туралы Taspanews.kz Ерке Есмаханның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Өнер иесі үлкен тойды келесі жылға қалдырдық дейді.


«Адамның айтқаны емес, Алланың бұйырғаны болады деген рас. Биыл жазда үлкен «жыл тойын» жасаймыз деп жоспарлаған едік қой. Онымен бір бөпетай «дүниеге келемін" деп тапсырыс берген соң, барлық жоспарды өзгерттік. Алла бұйыртса, енді келесі жылы екі еселеп той жасайын деп тұрмыз. Тағы тапсырыс кеп қалмаса», – деп жазды өнер иесі желідегі парақшасында.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews