Қазақстанда тұрмыстық химия, лак-бояу өнімдері мен жағар майлар өндірісі артты

Фото: Pexels
2025 жылы 5 мамыр күні Үкімет отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев химия және мұнай-химия саласын дамыту үшін қабылданған заңнамалық нормалардың қолданылу барысы туралы хабарлады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режімінен алып тастауды белгілеу тұрмыстық химия, лак-бояу өнімдері мен жағар майлар өндірісінің өсуіне ықпал етті. 2024 жылы олардың шығарылу көлемі 30%-ға артқан.
Одан бөлек, пестицидтердің өндірісінде пайдаланылатын шикізаттар қосымша құн салығынан босатылды. Бұл отандық зауыттарды қолдау үшін жасалды.
«Сонымен бірге субсидияланған тыңайтқыштарды елден заңсыз шығарылуын тоқтату үшін аммофос, селитра сияқты маңызды тыңайтқыштардың экспорты лицензия беру арқылы реттелді. Бұл шара бағаны тұрақтандыруға және жергілікті фермерлерге тыңайтқыш жеткізуді арттыруға ықпал етті»,