Қазақстан автопромында жылына 149 мың көлік шығарылмақ
Фото: Pexels
2025 жылы Қазақстанда автокөлік өндірісі 5%-ға артады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты есебімен өндіріс артады. Мұнда Chery, Havalмен Changan көліктері құрастырылады. Аталған жоба аясында жылына 120 мыңға дейін автокөлік шығару жоспарланды. Бұл 3,6 мыңнан астам жұмыс орнын ашады.
Ал Қостанайда Kia автокөлігін шығаратын зауыт салынуда. Алматының индустриалды аймағында Almaty Autoparts Production кәсіпорны жұмысын бастады. Онда жылына 100 мыңға дейін автокресло шығарылады.
«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметі бойынша, 2023 жылы машина жасау саласына негізгі капиталға 115 млрд теңге инвестиция тартылған. 2024 жылы бұл көрсеткіш екі еседен астам өсіп, 282 млрд теңгені құрады. 2025 жылдың бірінші тоқсанында тартылған инвестиция көлемі 55 млрд теңгеге жетті, ал 2024 жылдың сәйкес кезеңінде 33 млрд теңге салынды»,