Жыл басынан бастап Қазақстанда коронавирустың 362 жағдайы тіркелді

Фото: Pexels
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті COVID-19 бойынша жағдай тұрақты екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстанда коронавируспен ауыру жағдайлары өткен жылмен салыстырғанда 3,4 есеге азайған. Өлім жағдайы тіркелген жоқ. Ауру жеңіл түрде өтуде. Науқастар амбулаторлық ем қабылдауда.
«Қазақстанда вирустың айналымы мен оның әртүрлі нұсқаларына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Жүргізілген зертханалық бақылау нәтижелері бойынша биылғы жылы Қазақстанда анықталған барлық 100% жағдайларда Омикрон нұсқасы айналымда болды. Атап айтқанда, JN.1 қосалқы түрі және оның LF.7.1.3, LP.8.1, LF.7.6 және KP.3.1.1 тармақтары анықталған»,