Жұмыс орнында жарақат алу: техникалық жабдықтардың тозу деңгейі бақыланатын болады

Фото: Pexels
2025 жылы 10 маусым күні Үкімет отырысында ҚР ТЖМ министрі Шыңғыс Әрінов қауіпті өндірістік объекті иелеріне Жаңарту және техникалық қайта жабдықтаудың жиынтық жоспарын жасату, министрлікте жоспардың келісуін міндеттеу жайлы заң жобасы ұсынды. Бұл шара арқылы техникалық қайта жабдықтау процесі ішінара бақыланатын болады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Үкіметтің баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
Заң жобасы қабылданса, қауіпті өндірістерде міндетті техникалық жарақтаудың жоспарлары енгізіледі. Бұл техниканың тозуы мен жаңаруын бақылауға мүмкіндік береді. Жоспарлар министрлікпен келісілетін болады. Заң жобасы Парламент Сенатында қаралуда.
Жұмыс орындарындағы апаттарды талдау өндірістік бақылаудың жетіспегенін көрсетті.
«Заң жобасының аясында өнеркәсіптік нысандардағы өндірістік бақылаудың дербес жеке қызметі құрылады. Ол жұмыс істеу үшін Министрлік тиісті нормалар әзірлейді. Бұл өндірістегі өзіндік бақылауды күшейтіп, нысан иелерінің жауапкершілігін арттырады»,