«Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойылды

2025 жылы 5 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы әскери қызметшілерге, құтқарушылар мен күштік құрылым қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер мен мемлекеттік наградалар табыстады. Осы орайда, сәйкес жарлыққа қол қойылды.
"ҚАУЛЫ ЕТЕМІН
Вице-адмирал әскери атағы:
Борамбаев Серік Жақсығалиұлына;
генерал-майор әскери атағы:
Довганюк Анатолий Андреевичке,
Исабеков Алмас Тынышбекұлына,
Камалов Рамиль Фаткуловичке,
Манап Дәурен Мұхтарханұлына,
Маралов Жеңіс Мұхамедқалиұлына;
Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:
Бартенев Денис Валерьевичке,
Құсайынов Нұржан Маратұлына,
Сауранбаев Саят Әбуғалиұлына,
Тоқтамысов Асхат Байбатырұлына,
Ыбыраев Рустам Жиянұлына;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы:
Төреханов Роман Алмаханұлына;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры арнаулы атағы:
Мақажанов Ернар Әбсейітұлына,
Рахымов Арман Тастемірұлына;
экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы:
Абдыханов Қуат Аманбекұлына,
Югай Андрей Анатольевичке;
полиция генерал-майоры арнаулы атағы:
Аяғанов Сағындық Күзембайұлына,
Әленов Бауыржан Төлегенұлына,
Әлиев Қайыркен Жетпісбайұлына,
Құсайынов Сарқытбай Зәкірұлына,
Сұлтанбаев Қайсар Әбілекұлына;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
Ақылбеков Дәулет Ертайұлына,
Басшыбаев Мадияр Бекенұлына,
Кәріпбеков Серік Ақмырзаұлына,
Садырбеков Ғабит Амангелдіұлына берілсін",
– делінген ресми хабарламада.