Жезқазқанда әйелінің жұмыс орнын қасақана қиратқан ер адамға қатысты үкім шығарылды

Фото: Pexels
2025 жылы 2 қаңтар күні сағат 03:55 шамасында әйелімен дауласқан ер адам оның жұмыс орнына жетіп, көлікпен ғимаратты соққан, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ұлытау соттарына сілтеме жасап.
Ер адам отбасылық жанжалға әйелдің қосымша жұмысы себеп екенін алға тартып, ашуға булыққаны белгілі. Осыдан соң, оның жұмыс орнына жетіп, ғимараттың алдыңғы жағынан соқты. Есік тұсын қиратып, 988 мың теңге шығын келтірді. Сотта ер адамның күнәсі дәлелденді. Сонымен қатар, өзі де мойындады.
"Жезқазған қалалық сотының үкімімен «К.» ҚК-нің 202-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылды, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген. Жәбірленушінің пайдасына келтірілген материалдық шығын толық өндірілді",
Үкім заңды күшіне енді.