Жезқазғанның жылу желілерін реконструкциялауға 2,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту жобасының үшінші іске қосу кешенінің екінші кезегін жүзеге асыру мақсатында резервтен 2,8 млрд теңге қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Қаланың кеңею мен жаңа Батыс ауданын жылумен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере, құбырлардың диаметрі 800 мм-ден 1000 мм-ге дейін, жаңғыртылатын желілердің ұзындығы 11,4 шақырымнан 12,3 шақырымға дейін ұлғайтылады.
Жезқазғандағы жылу желілері 1951 жылы пайдалануға берілген. Тозу деңгейі – 56,6 %. Жылу желілерінің тозуы жылумен қамтуға кедергі жасайды. 35-40% ресурс шығындалады. Қолданыстағы және салынып жатқан жылу нысандарын жылу желілеріне қосу мүмкін болмауда. Желілер реконструкциядан өту қажеттілігі осыдан.