Жезқазғанда полиция жасөспірімді құтқарды

Polisia.kz фото на taspanews.kz от 03 июня 2025 19:46
Фото: Polisia.kz

Жазқазған қалалық полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының учаскелік инспектиоры Азат Есенғабылов ес-түссіз қалған жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетті, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Автобус ішінде жас қыз есін жинай алмай қалған. Оқиға орнында әйел адам жақын маңдағы адамдарды көмекке шақырған. Мұны естіген полиция қызметкері қол ұшын созуға асыққан. Ол талмасы ұстаған қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды. Қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.


16 жастағы қыздың жағдайы тұрақталды. Дәрігерлер бақылау жүргізуде.


Следите за новостями Taspanews