Жетісуда әскери қызметшінің мәйіті өзеннен табылды

Фото: pixabay.com
Жетісу облысында арқан арқылы Көксу өзенінен өтпек болғаннан кейін жоғалып кеткен әскери қызметкерді іздеу жұмыстары аяқталды. Оның денесі бірнеше күннен кейін өзен түбінен табылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамды жоғалған сәттен бастап іздеу жұмыстары жүргізілген.
«15 мамыр күні Көксу өзенінің жағасы мен арнасын тексеру барысында құтқарушылар оның денесін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қазіргі таңда “хабар-ошарсыз жоғалу” фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде»,
Еске салсақ, бұған дейін ер адамның ағыны қатты өзенді тартылған арқан арқылы кесіп өтпек болғаны белгілі болды. Бір сәтте ол сырғып кетіп, суға кеткен болуы мүмкін. Куәгерлер бірден құтқарушыларды шақырғанымен, іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылды.