Жетісу облысында суға бата жаздаған адамдарды құтқарғандар марапатталды

Фото: Polisia.kz

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінде суға батуға сәл қалған адамдарды құтқарып қалған полиция қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


23 наурыз күні Жетісу облысы Ескелді ауданында орналасқан техникалық су қоймасында адамдарды құтқарып қалған полицейлер «Суға батқан адамдарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.


Ерлік көрсеткендер қатары – Жетісу облысы полиция департаменті Ескелді ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі – Өмірбек Сенбай және патрульдік полиция қызметінің аға инспекторы – Мұхтар Нұрмағанбетов.