Жетісу облысында қоқыс шығару қызметін пайдаланатын тұрғындардың құқықтары бұзылған

Pexels фото на taspanews.kz от 17 июня 2025 09:48
Фото: Pexels

Жетісу облысында прокуратура 10 мыңнан астам тұтынушының құқығы бұзылғанын анықтады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Қадағалау актісімен қоқыс шығару қызметтерінің құны тұрғын үйлер үшін 391,39 теңгеден 238,7 теңгеге дейін, абаттандырылған үйлер үшін 238,7 теңгеден 231,48 теңгеге дейін төмендетілді. 10 625 қала тұрғыны құқығы қорғалды.


«Текелі қаласы мәслихатының шешімімен коммуналдық қалдықтардың түзілу нормаларын, халыққа жинау және тасымалдау тарифтерін бекіту кезінде ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің бұйрығымен бекітілген (14.09.2021ж. №377). «Есептеу әдістемесінде» көзделген формуланы қолдану бөлігінде бұзушылықтарға жол берілген», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews