Жеке куәлікті ауыстыру eGov Mobile қосымшасы арқылы жүретін болады

Фото: Gov.kz
Жаңа жеке куәлікті толықтай онлайн рәсімдеуге арналған eGov.kz порталында және мобильді қосымшада құжатты қашықтан қайта рәсімдеуге арналған пилоттық жоба іске қосылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ЦДИАӨМ сілтеме жасап.
Қызметке қол жеткізу үшін порталда тіркеліп, биометриялық сәйкестендіруде өту керек. Мәліметтерді толтырып, қол қойып, өтінімді растау сұралады. Одан бөлек, мемлекеттік баж салығын банк қосымшасы арқылы төлеу керек.
Жеке куәлік пен паспорт беру қызметін тек құжат иесі ғана пайдалана алады. Құжатты ауыстыру мерзім аяқталғанға дейін 30 күн бұрын немесе мерзімі өткенде 10 күн ішінде жүзеге асады.
«Жаңа жеке куәлікті өтініш беруші алдын ала көрсеткен тіркеу пунктінен алуға болады. Құжатты дайындаудың стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Қызметтің стандартты түрі үшін мемлекеттік баж – 0,2 АЕК. Құжатты жедел рәсімдеу қажет болған жағдайда, үдетілген қызмет түрлері қолжетімді: 3 жұмыс күнінде – 1 771 теңге, 1 жұмыс күнінде – 3 372 теңге»,