Жастардың қаржылық жағдайын қиындататын ТОП-5 қате
Жастар алғаш рет өз бетінше ақша тауып, өмір сүре бастағанда, кенеттен шығындарға тап болуы оңай. Ақша бар кезде – оны жұмсау керек сияқты көрінеді. Бірақ бір айдан соң шындық өз ережесін еске салады: пәтерақы, азық-түлік, көлік, киім. Қаржылық сауатсыздық – үлкен қауіп, – хабарлайды KazTaspa.kz Fingramota.kz дерегіне сілтеме жасап.
Міне, қаржымен дұрыс жұмыс істемейтін жастар жіберетін 5 негізгі қате және олардан қалай сақтануға болады.
1. Жеке бюджет жүргізбеу – ақшаң қайда кеткенін білмейсіңКөп жастар табысы мен шығынын бақыламайды. Ақша тез таусылады, бірақ қайда кеткені белгісіз.
Не істеу керек?:
CoinKeeper, ZenMoney секілді қосымшалармен бюджет жүргіз.50/30/20 ережесін қолдан: 50% – міндетті шығындар (жалға алу, тамақ, көлік), 30% – жеке қалаулар (ойын-сауық, заттар), 20% – жинақ пен инвестиция.Жаңа тренд, гаджет немесе бренд қуалап жүріп, жастар табысынан көп жұмсап қояды.
Қалай болдырмау керек?:
Өзгені емес, өз жағдайыңды ескер.Бірден сатып алма – шешімді 24 сағатқа шегер.Басты мақсат: мәртебе ме, әлде қаржылық тұрақтылық па?
3. Несиені дұрыс пайдаланбау?
Кредиттік карталарды «тегін ақша» деп қабылдау – жиі кездесетін қате. Шын мәнінде, пайыз бен айыппұл – бюджетіңді жұтып қояды.Кеңес:Кредит шартын толық оқы.Кредитке көңілмен емес, ақылмен қара.Тұрақты табыс болмаса – несие алма.
4. Қаржылық мақсаттың болмауы
Нақты мақсат жоқ болса – ақша бекер жұмсалады, жинақ жасау да қиын.
Қалай түзетуге болады:
Мақсат қой: демалыс, техника, баспана.Соны кезең-кезеңмен жоспарла: қанша қажет, қанша уақытта, ай сайын қанша бөлу керек.Ілгерілеуді бақыла – бұл мотивация береді!
5. «Жеңіл пайда» уәдесіне сену
Жастар жиі алаяқтардың құрбанына айналады. «Еш әрекетсіз жоғары табыс» – бұл әдетте алдау.
Сақтану жолдары:
«Табыс кепілдігі бар инвестицияларға» сенбе.
Компанияны тексер, пікірлерін оқы. «Дроппер» болма – бұл қылмыс болуы мүмкін.