Жаңа оқу жылында 200-ден астам мектеп салынады

Фото: Pexels
Келер оқу жылы Қазақстанда 300 мыңнан астам оқушыға арналған 200-ден астам мектеп салу жоспарлануда, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде 206 мыңнан астам оқушы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында білім алады.
Аталған жобалар 15 апатты мектеп, үш ауысымдық оқыту мен оқушы орны тапшылығын жою мәселесін шешпек.
«Қосымша 1000 ауыл мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиhаз жаңартылады, кітапханалар, асханалар мен қауіпсіздік жүйелері жабдықталады. Сонымен қатар химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пәндік кабинет сатып алынуда»,