Жамбыл облысындағы Экология департаменті басшысы сыбайлас жемқорлықпен сотталды

Фото: Pexels
Жамбыл облысы, Тараз қаласы сотында Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті басшысы, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС Бас директорының орынбасары мен кәсіпорын экологы сотталды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Antikor сілтеме жасап.
Департамент басшысы пара алғаны үшін сотталды. Ал зауыт жұмысшылары экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру кезінде құқықбұзушылықтарды жоюға мүмкіндік беру мен жалпы қамқорлығына алу бойынша пара беру бойынша айыпталып, сотталды.
Үш сотталушы 24 млн теңге айыппұл береді. Сонымен қатар, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызметті өмір бойына атқара алмайтын болады.
Сот актісі заңды күшіне енді.