Жамбыл облысында шет ел инвесторы салған демалыс орнына апаратын жол құрылысы жүргізілмеген

Freepik фото на taspanews.kz от 21 апреля 2025 11:58
Фото: Freepik

Жамбыл облысы, Жуалы ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау аясында «Көксай» этно-туристік инновациялық демалыс аймағын салған инвестордың құқығын қорғады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


2024 жылдан бастап демалыс орнына апаратын жолды салу мәселесін шешу мерзімі жергілікті атқарушы орган тарапымен тым созылып кеткен. Прокуратура актісі негізінде кешенге апаратын жол құрылысы қаржыландырылатын болады. Одан бөлек, орташа жөндеу жұмыстарының да аяқталмағаны белгілі болды. Оған сметалық құжаттама үш кезеңде дайындалуы тиіс еді.


«Белгілі болғандай, жергілікті атқарушы органмен жасалған келісім аясында инвестициялық кешеннің орташа жөндеуіне сметалық құжаттаманы әзірлеуге 4,2 млн теңге бөлінген. Сметалық құжаттама үш кезеңде дайындалуы тиіс еді. Алайда орташа жөндеу жұмыстары 3 ай бойы аяқталмаған», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews