Жамбыл облысында қаза тапқан науқастың дене мүшелері трансплантацияланды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фото на taspanews.kz от 26 июня 2025 12:02
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Жамбыл облысында 1976 жылы туған пациент шұғыл түрде ми қан айналымының жіті бұзылуы мен миға көп қан құйылу диагнозымен ауруханаға түскен. Үш күн өткен соң ми өлімі анықталып, марқұмның жақындарының келісімімен өзге жандарға өмір сүруге мүмкіндік беруге шешім қабылданды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


Құжаттар ресімделген соң марқұмның жүрегі, бауыры мен бүйрегі алынды. Жүрегі Шымкент қаласындағы науқасқа, бауыры мен бүйрегі Астанадағы науқастарға жіберілді.


Операция ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің транспланттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы мен ЖТМҚ тарапынан нақты үйлестірудің, Жамбыл көпбейінді облыстық ауруханасы мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды.


«Бірегей операцияға «Ұлттық ғылыми онкология орталығы (NROC)» ЖШС, University Medical Center жүрек орталығының, Шымкент қаласының жүрек орталығының командалары, сондай-ақ Астана қаласының медициналық авиация мамандары қатысты. Барлық қатысушылардың біліктілігі мен өзара іс-қимылының жоғары деңгейінің арқасында трансплантаттау қысқа мерзімде мүмкін болды», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews