Жамбыл облысында емшара кабинеттері өз еркімен жұмысын тоқтатты

Фото: Pexels

Жамбыл облысындағы жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 133 емшара кабинетінің 91-і өз еркімен жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


Жыл басынан бастап Жамбыл облысында медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзған медициналық ұйымдарда екі адам қайтыс болды. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бұл мекемелерді тексеру кезінде бұзушылықтар анықтады. Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін лицензиялар мен шарттар болмаған және дәрі-дәрмекті сақтау қағидалары сақталмағаны анықталды.


«Жоспардан тыс тексерулер барысында облыстың 133 жұмыс істеп тұрған емшара кабинетінен 91 нысан өз еркімен дәрігерге дейінгі медициналық қызметін тоқтатты, оның ішінде 33-і медициналық лицензияға дәрігерге дейінгі көмек қосымшасын тапсырды, 58-і рұқсат құжаттарынсыз медициналық қызметпен айналысты. 37 нысанда тексеру жүргізілді, 3 нысан жұмыс істеп тұр, Департамент тексеруді жалғастыруда және 2 нысанға тексеру жүргізу жоспарлануда»,-деп хабарлады ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті», – делінген ресми хабарламада.