Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

Фото: Pexels
2025 жылы 17 маусым күні Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Күндіз облыс бойынша күн қатты ысып, 40 градусқа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қаласында да төтенше өрт қаупі байқалады.