Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

Pexels фото на taspanews.kz от 08 июня 2025 15:29
Фото: Pexels

Жамбыл облысының таулы аудандарында 2025 жылы 9 маусым күні найзағай ойнайды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Жамбыл облысы ТЖД  сілтеме жасап.


Солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында жел екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.


Тараз қаласында жел жылдамдығы 15-20 м/с болмақ. Өрт қаупі жоғары.


ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтау керегін ескертеді.


Следите за новостями Taspanews