Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: Pexels
2025 жылы 4 маусым күні Жамбыл облысының таулы аудандарында екпінді жел соғады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz облыстық ТЖМ сілтеме жасап.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады. Екпіні 15-20 м/с болады деп болжануда. Әсіресе, бұл Тараз қаласына қатысты.
Одан бөлек, облыстың батыс, шығыс және таулы аудандарында өрт қаупі сақталуда.