Жамбыл облысында бюджеттен 45,2 млн теңге жымқырылды
Фото: Depositphotos
Жамбыл облысы, Қордай ауданы прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруына жұмсауға арналған 45,2 млн теңгенің жымқырылғанын анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру 2025 жылы 11 наурызда тіркелді. Балабақша басшылығы 2 жыл бойы мекемеге келмеген балалар үшін заңсыз қаражат алып отырған. Сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіліміне іс Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4 бөлігі 2-тармағы бойынша енді.
Ендігі кезекте қылмыстық істі тергеп-тексеруді Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаменті жүргізеді.
Өзге ақпарат жариялауға жатпайды