Жамбыл облысында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

Фото: Жамбыл облысы ТЖД
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы №10 өрт сөндіру бөлімінде Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz облыстық ТЖД сілтеме жасап.
Шақырылған қонақтардың қатарында Ауған соғысына қатысқан ардагерлер – Болат Дауылбаев, Шыңғыс Нанаев пен ауылдың құрметті тұрғындары болды.
Қонақтар өрт сөндіру бөлімі қызметкерлеріне 1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстан жерінде болған соғыс туралы деректер мен оқиғаларды, жасалған ерлікті айтып берді.
ТЖД қызметкерлері сұрақтарын қойып, ардагерлерге алғыс білдірді.