Жамбыл облысында аптаған ыстық орнайды

Фото: Freepik
18 маусым күні Жамбыл облысында 41 градус ыстық орнайды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Жамбыл облысы ТЖД сілтеме жасап.
Облыс бойынша әсіресе шығыс бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таулы аудандарда найзағай ойнайды. Тараз қаласында аптаған ыстық болжанады. Температура +38 градусқа дейін көтеріледі.
ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.