Жамбыл облысында адамдардың қазасына дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы себеп болуы мүмкін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан азаматтарын медициналық емшараларды қабылдау кезінде сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында 107 емшара қабылдау мекемесі жұмыс істегенмен, оның 42-сінің ғана дәрігерге дейінгі медициналық көмекті жүзеге асыруға лицензиясы бар болып шықты.
2024 жылдан 2025 жылдың I тоқсанына дейінгі аралықта Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне процедуралық медициналық қызмет көрсетудің сапасына қатысты азаматтардан 7 өтініш түсті. Осыған орай жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде, медициналық қызметті сәйкес лицензиясыз атқарғаны бойынша 4 жағдай, процедуралық қызмет көрсетуді сертификатталған мамандарсыз өткізудің 3 жағдайы және дәрілік заттарды сақтау шарттарын бұзудың 2 жағдайы тіркелді.
«Өліммен аяқталған жағдайларда Жамбыл облысында қосымша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, олардың барысында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сақтау қағидаларының өрескел бұзушылықтары анықталды»,
Тексеруден кейін Комитеттің аумақтық департаменттері әкімшілік жауапкершілік туралы хаттамалар жасады. Айыппұлдардың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асты.
Қозғалған іс материалдары құқық қорғау органдарына берілді. Аймақтағы емшара қабылдау мекемесінің бірі өз жұмысын тоқтатты.