Зейнетақы қаражатын баланың денсаулығына жұмсау мүмкін болады

Қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін кәмелетке толмаған балаларды емдеуге жұмсауға рұқсат етілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ережеге енгізілген өзгерістерді ресми түрде бекітті. 27 сәуірден бастап жаңа ережелер күшіне енеді. Енді зейнетақы қоры қаражатын нағыз маңызды, әрі құны қымбат медициналық қызметтерге жұмсауға болады.
Тізімге сирек кездесетін ауруларды емдеу, стоматология (тек Қазақстанда), жарақаттан кейінгі пластикалық және реконструктивтік операциялар, радиохирургия, протонотерапия және көз жанарының көруін түзету кіреді.
«Алдымен БЖЗҚ-да қанша қаражат қолжетімді екенін анықтау керек. Осыдан кейін жеке кабинет арқылы өтініш беріледі. Әрі қарай, ем алу қажеттілігін растайтын медициналық комиссия қорытындысын алу керек. Содан кейін емхана таңдалады – ол қазақстандық немесе шет елдік болуы мүмкін. Онымен келісім-шарт жасалып, барлық құжаттар жүктеп алынғаннан кейін оператор қаражатты тікелей медициналық мекемеге аударады»,
Құжаттар уақытында берілмеген жағдайда ақша 45 күн ішінде зейнетақы қорына қайтарылады. Енді сіз зейнетақы қорын тек балаңызға ғана емес, жақын туыстарыңызға немесе жұбайыңызға да көмек беру мақсатында жұмсай аласыз. Бастысы туысқандықты ресми түрде растау керек.
Министрлік келтірген мәліметке сай, 2021 жылдың басынан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алу, емделу ақысын төлеу немесе инвестиция жасау үшін пайдалана алды.
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында тұрғын үй мен медициналық қызметті себеп етіп, халық 158 миллиард теңгеге жуық қаражат шығарып алды.