Зайсан ауданында жаңа кәсіпорындар салынады

Freepik фото на taspanews.kz от 29 мая 2025 11:33
Фото: Freepik

2025 жылы 29 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан ауданы халқымен кездесу өткізді. Онда жаңа АӨК, құрылыс индустриясы мен туризм саласында жаңа кәсіпорындар салынатынын атап өтті, – деп хабарлайды KazTaspa.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


Атап айтқанда, Дайыр ауылында минералды және алкогольсіз су өндіретін цех – «ARNNA MINERALS » ЖШС ашылады. Одан бөлек, Зайсан қаласында ет өңдеу зауыты «Шығыс АС»ЖШС және қызыл кірпіш шығаратын зауыт «Саялым» ЖШС салынады. Сонымен қатар, көкөніс пен жемістерді қайта өңдейтін цех – ЖК «Ринат» іске қосылады.


Одан бөлек, Қарабұлақ ауылындағы «Zaisan-Balyq» ЖШС балық өңдеу зауыты қалпына келтіріледі. Туризм бойынша Айнабұлақ ауылында кемпинг салынады.


Следите за новостями Taspanews