Зайсан ауданында 6 отбасыға баспана берілді

Фото: ШҚО әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Кеңсай ауылындағы көпбалалы және әлеуметтік осал санаттағы 6 отбасы баспаналы болды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Отбасыларды аудан әкімі атынан аудан әкімінің орынбасары Нұрғайни Қабидолдина мен ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева құттықтады.
Осы жылы 180 пәтердің құрылысы мен сатып алу жоспарланды.
Айта кетсек, 2024 жылы 232 пәтер копбалалы отбасыларға, 518 пәтер әлеуметтік осал топтарға берілген.