Заңдағы түзетулер: онкологияны анықтау скринингі бойынша берілетін медициналық көмек

Фото: Pexels

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Осы Заң аясында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске түзетулер енгізілді.


Онкологияны ерте анықтау үшін өтілетін скринингтік зерттеулер бойынша амбулаториялық жағдайда берілетін мамандандырылған медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен алынып тасталады. Оның орнына ол тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енгізілді.


Бірнеше түзетулер мүгедектігі жоқ азаматтарды есту аппараттарымен қамтамасыз етуге арналды.