«Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» қаржы пирамидалары қызметін тоқтатты

Freepik фото на taspanews.kz от 21 апреля 2025 10:06
Фото: Freepik

ҚР ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қаржылық пирамидарды әшкерелеп, қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҚМА сілтеме жасап.


Трейлерлерді көріп, пайда табу арқылы жобаларға инвестиция салуға итермелеген қаржы пирамидалары анықталды. Дәлірек айтқанда, «Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» әрекетіне тоқтау қойылды.


Жоба 9 деңгейден тұрған, ал орташа салым сомасы 225 мың теңгені құрады. Төлемдер USDT криптовалютасында қабылданғаны белгілі.


Мәселен, «Warner Bros» жобасында салымшылар арнайы қосымшада тіркеліп, криптовалюта арқылы төлем жасаған. Содан соң, трейлерлер көріп, сыйақы алғаны анықталды. Сыйақы, жаңа салымшыларды қосқаны үшін де беріліп келді.


Тергеу барысында салымшылардан қаражат жиналған және транзит жасалған криптовалюталық әмияндар анықталды.


«Соттың санкциясымен 3,8 млн USDT көлемінде криптоактивтерге тыйым салынды. Құқықтық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews