Vietjet пен Qazaq Air стратегиялық серіктестігі: Vietjet Kazakhstan жаңа авиакомпаниясы іске қосылады

Pexels фото на taspanews.kz от 06 мая 2025 16:42
Фото: Pexels

Астана қаласында 6 мамыр күні өткен Қазақстан-Вьетнам елдері қатысқан іскерлік дөңгелек үстелде жаңа авиакомпанияны іске қосу бойынша стратегиялық серіктестік туралы ресми жарияланды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Вьетнамның Бас хатшысы То Ламның Қазақстанға сапары барысында өткен іс-шарада Вьетнамның Қаржы министрлігі Qazaq Air компаниясының стратегиялық үлесін сатып алуға рұқсат беретін Sovico Group еншілес ұйымы Aviation Holdings-ке шет елдік инвестицияларды тарту куәлігін берді.


Vietjet Kazakhstan әуе компаниясы Қазақстанды Вьетнаммен, Оңтүстік-Шығыс Азиямен және әлемдік авиациялық тораптармен байланыстырмақ. Одан бөлек, компания жаңа жұмыс орындарын құрады.


Серіктестікте екі жақ Vietjet Qazaqstan жаңа брендін бірлесе дамытады. Басқару кезінде қолданыстағы Qazaq Air платформасы негізге алынады.


«Сондай-ақ іс-шарада Qazaq Air және Boeing Vietjet Qazaqstan басқаратын болашақ Boeing 737 флотын қолдау үшін Тұтынушыларға қызмет көрсетудің жалпы шарттары туралы келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, Boeing бағдарламалық шешімдерді, қосалқы бөлшектерді жеткізуді, техникалық көмекті, ұшқыштар мен инженерлерді оқыту бағдарламаларын қамтитын кешенді қызметтерді ұсынады. Серіктестік сонымен қатар тиімді және қауіпсіз жұмыстарды қамтамасыз ету үшін әуе кемелерін түрлендіру мен жаңартуды қамтиды.Vietjet Qazaqstan кемінде 20 Boeing 737 ұшағынан тұратын флотты басқаратын болады, бұл ішкі және халықаралық маршруттар желісін айтарлықтай кеңейтеді. Авиакомпания Vietjet компаниясының техникалық және операциялық қолдауымен заманауи операциялық үлгілерді, цифрлық басқару жүйелерін және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламаларын енгізеді», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews