Ұрып-соққаны үшін бас бостандығынан айырылды: Қызылордада сот үкімі шықты

Pex фото на taspanews.kz от 22 апреля 2025 17:39
Фото: Pexels

Қызылордада бұзақылық жасап, өзгенің денсаулығына қасақана зиян келтіргендер бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қызылорда соттарына сілтеме жасап.


Сотталушылар туған күн кешінде А.-мен бірге сөзге келіп қалады. Н. оның маңдай тұсынан ұрса, Қ. оң жақ тұсынан ұрады. Салдарынан А. баспалдақтан құлайды. Иығының сынғанын айтқанына қарамастан, сотталушылар оны әрі қарай соққыға жығады.


Кейіннен дәрменсіз күйде қалдырып кетеді.


"Сот отырысында сотталушылардың қылмыстық іс-әрекеттері оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, бет-бейне бағдарламасынан фотосурет бойынша тану үшін көрсету хаттамаларымен, жәбірленушінің, куәлердің жауаптарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен және қылмыстық істің өзге де материалдарымен дәлелденді. Сот үкімімен сотталушылар Н. мен Қ.ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі 5), 7)-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Сот үкімімен жәбірленуші тарапына 3 000 000 теңге моральдық зиян  өндірілетін болады.


Следите за новостями Taspanews