Ұлытау облысында балабақша тәрбиешісі сотталды
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында үш жасар баланы ұрып жіберген балабақша тәрбиешісіне қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Тәрбиелуші күнәсін мойындамады. Алайда, қатыгез әрекеті бейнебақылау камерасы бойынша расталды.
Сот үкімі бойынша оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқаруға 3 жылға тыйым салу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту белгіленді.
Сот үкімі күшіне енді.
Еске салсақ, Ұлытау облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу мекемесінің қызметкеріне қатысты іс қаралды. 2023 жылдың 18 қазанында жұмысқа тұрған тәрбиелеуші акварель бояуын аузына салған балаға ескерту жасап, қолымен ерін тұсынан соққы жасаған. Кейіннен, баланың желкесінен ұрып жіберіп, үстелінен көтергені белгілі. Осыдан соң, жуынатын бөлмеге апарып, мойнынан ұстап итергеннен бала құлап қалады, Ол оны көтеріп алып, жуынатын бөлмеге апарады. Осыдан соң, сот үкімі күшіне енбеген еді.