Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад тікелей эфирде көрсетіледі

Фото: GOV.KZ
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад 7 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Салтанатты шара тікелей эфирде көрсетіледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Әскери парад республикалық телеарналарда, елдің барлық қалаларындағы LED экрандарда және ҚР Қорғаныс министрлігі YouTube арнасында тікелей эфирде беріледі.
Парадқа 4000-нан астам әскери қызметші қатысады. Одан бөлек, 200-ден астам әскери техника мен майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының 66 ұшағы мен түкұшағы қолданылады.